Хабарландырулар2026 ж. 05 маусым· Айткалиева Асем Максотовна
"Цифрлық Эко - Квест" республикалық семинар
Балабақшамызда 2026 жылдың 5 маусым күні «ECOBATYS - ерте жастан еңбекке баулу:
дәстүрлі және заманауи педагогикалық
технологиялардың интеграциясы» тақырыбында ауқымды республикалық семинар өтті! 🌟
Бүгін біздің балабақшамыздың тарихында тағы бір айтулы күн! Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласындағы үздік тәжірибелермен бөлісу мақсатында есігімізді республикалық семинар қатысушыларына айқара аштық.
Семинар барысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген педагогтар мен сарапшылар бас қосып, заманауи әдіс-тәсілдерді, инновациялық жобаларды ортаға салды. Біздің тәрбиешілеріміз өздерінің авторлық бағдарламаларын, шығармашылық жұмыстарын сәтті қорғап, жоғары бағаға ие болды. ✨
Балаларымыздың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етіп, өз кәсіби шеберлігін дәлелдеген ұжымымызға және бізге қолдау көрсеткен барша қонақтарға алғыс айтамыз!