Хабарландырулар2026 ж. 28 шілде· Айткалиева Асем Максотовна
"Көңілді жаз"
Көңілді жаз — балалық шақтың бал дәуірі! ☀️🎈
Бөбекжайымыздың жазғы жұмыс жоспарына сәйкес кішкентай бүлдіршіндерімізге ұмытылмас қуаныш сыйлаған «Көңілді жаз» атты мерекелік ойын-сауық шарасы өтті! 🥳✨
Балалар түрлі ойындар ойнап, би билеп, мәз-мейрам болды. Шараның ең ерекше әрі қызықты сәті — әуеде қалқыған мамық көбік шоуы (пенное шоу) болды! 🫧☁️
Ақ мамық көбіктің ортасында асыр салған балақайлардың жүзіндегі күлкі мен шаттық біз үшін ең үлкен бақыт! Жаздың әрбір күні осылай көңілді әрі қызықты өтсін! 🌈👶