Эко Start№37 «Жұлдыз-ай» бөбекжайы
Барлық жаңалықтарға оралу
Іс-шаралар2026 ж. 07 шілде· Жапақова Асель Мурадымқызы

«Табиғатты аялау – болашақты қорғау»

Подкаст барысында тәрбиеші мен тәрбиеленушілер табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау, ағаштар мен өсімдіктерге қамқорлық жасау туралы өз ойларымен бөлісті. Балалар «Табиғатты қалай қорғаймыз?», «Неліктен ағаш отырғызу керек?» деген сұрақтарға жауап беріп, күнделікті өмірде орындайтын пайдалы экологиялық әрекеттері туралы әңгімеледі. Танымдық сұхбат барысында бүлдіршіндер табиғатты қорғау үлкен істерден ғана емес, гүлдерді жұлмау, және жануарларға қамқорлық жасау секілді қарапайым әрекеттерден басталатынын түсінді. Подкаст балалардың еркін сөйлеу, өз ойын жеткізу және сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар тәрбиеленушілердің табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті. Табиғатты қорғау – әр адамның ортақ міндеті. Бүгінгі кішкентай экологтеріміздің игі әрекеті – таза әрі жасыл болашаққа басталған маңызды қадам.