Эко Start№37 «Жұлдыз-ай» бөбекжайы
Барлық жаңалықтарға оралу
Эко жобалар2026 ж. 04 шілде· Ишанова Айжанар Ермекқызы

«Қалдыққа – жаңа өмір!»

Іс -шараға тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары белсене қатысып, тұрмыстық қалдықтардан түрлі сәндік және пайдалы бұйымдар жасады. Қағаз, картон, қақпақтар, мата қиындылары және басқа да қайта өңдеуге болатын материалдардан ерекше қолөнер туындылары ұсынылды. Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту және қалдықтарды қайта өңдеудің қоршаған ортаны қорғаудағы маңызын түсіндіру болды. Балалар ата-аналарымен бірге табиғатты қорғауға әр адамның үлес қоса алатынын іс жүзінде көрсетті. Осындай экологиялық іс-шаралар арқылы тәрбиеленушілер табиғи ресурстарды үнемдеуді, қоршаған ортаны таза ұстауды және қайта өңдеуге жарамды материалдарды тиімді пайдалануды үйренеді. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз, ал кішкентай игі істер үлкен өзгерістердің бастауы екені тағы бір мәрте дәлелденді.