Іс-шаралар2026 ж. 01 шілде· Ерсаин Гүлмайра Ергенқызы
"Жас із кесушілер"

Іс-шара барысында бүлдіршіндер балабақша ауласындағы ағаштар, гүлдер мен өсімдіктерді бақылап, олардың ерекшеліктерімен танысты. Балалар құстардың дыбысын тыңдап, жәндіктерді бақылап, табиғаттағы тіршілік иелерінің өзара байланысы туралы қызықты мәліметтер алды. Сонымен қатар экологиялық тапсырмалар орындап, табиғатты қорғау ережелерін қайталады.
«Жас із кесушілер» ойыны арқылы тәрбиеленушілер табиғаттағы өзгерістерді байқап, қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңызын түсінді. Олар табиғатты аялау әр адамның азаматтық борышы екенін ұғынып, өздерінің кішкентай болса да пайдалы істерімен табиғатты қорғауға үлес қоса алатынын сезінді.
Осындай танымдық іс-шаралар балалардың зерттеушілік қызығушылығын арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілігін нығайтуға ықпал етеді.

