Эко Start№37 «Жұлдыз-ай» бөбекжайы
Барлық жаңалықтарға оралу
Ата-аналарға2026 ж. 03 шілде· Айткалиева Асем Максотовна

Бөбекжайдағы "Кішкентай зерттеуші"

Қазіргі таңда экологиялық мәдениетті қалыптастыру – білім беру жүйесінің басты бағыттарының бірі.Табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, тұрмыстық қалдықтарды азайту, жасыл кеңістікті көбейту сияқты ұстанымдарды бала кезден бойға сіңіру – болашақ ұрпақтың жауапты азамат болып қалыптасуының негізі. Бөбекжайдағы экологиялық тәрбие арқылы бала табиғатты таниды, оны сүюді, аялауды үйренеді. Осы бағытта біздің №37 «Жұлдыз-ай» бөбекжайы ұжымы, мектепке дейінгі жастағы балаларғаэкологиялық тәрбие беруді жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бөбекжай жұмысының басым бағыттарының бірі– бүлдіршіндердің табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, экологиялық мәдениетін арттыру. «Кішкентай зерттеуші» жобасы экологиялық мәдениетті ерте жастанқалыптастырудың тиімді жолы.